Аким города Азамат Бекет ознакомился с ходом строителсьвта, начатых на улице Қазақай ахун, встретился с жителями, выслушал их предложения и пожелания по ремонту дорог.

Ақтөбеде жол жұмыстары басталғанын осыған хабарлаған болатынбыз. Соның бірі - Оңтүстік Батыс-2 тұрғын алабының жолдары. Қала әкімі Азамат Бекет Қазақай ахун көшесінде басталған жұмыстар барысымен танысып, көше тұрғындарымен кездесті, олардың жол жөндеуге қатысты ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Ұзындығы 1248,08 метр болатын жолдың жұмысы күрделі болып тұр. Себебі, тұрғындардың айтуынша, бұл жер бұрын батпақ (болото) болған. Батпақтың орнына үйлер салынып, ел қоныстанған. Ал соңғы жылдары көктем сайын су толып, балшық иленіп, жолдың бәрі жолсызға айналады. Тұрғындар жаңа асфальт көпке шыдамай батпаққа батып кетеді ма деп алаңдаулы. Олар жолдың негізін салған кезде батпақтың орны болған учаскенің астына қой тастар (бутовые камни) немесе басқа да жол құрылысында қолданылатын материалдарды төсеу керек деп ұсыныс айтты.

«Тұрғындардың ұсыныстары орынды. Жолдың жобасында қай учаскені қайта қарау керектігін осы көшенің байырғы тұрғындарымен ақвлдасыңыздар. Ертең жол біткенде мәселе туындамауы керек. Көшенің биіктетуді қажет ететін тұстары бар екенін ескеру керек. Біршама уақыт алатын болса да сапалы етіп жасаңыздар», - деп тарсырды қала әкімі.
Айта кету керек, Оңтүстік Батыс-2 тұрғын алабында 21 көшенің жолы салынады. Мердігер мекеме «А.Т.Е-ЖОЛ» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісті.

Ранее мы сообщали о начале дорожных работ в Актобе. Один из проектов - дороги жилого массива Юго-Запад-2. Аким города Азамат Бекет ознакомился с ходом строителсьвта, начатых на улице Қазақай ахун, встретился с жителями, выслушал их предложения и пожелания по ремонту дорог.

Строительство дороги протяженностью 1248,08 метра будет не простым, ведь, по словам жителей, это место раньше было болотом. Жилые дома люди строили прямо на болоте. В последние годы весной, когда прибывает талая вода, образуется непроходимая грязь, следом - бездорожье. Жители обеспокоены тем, что новый асфальт просто смоет, не выдержав одного сезона. Они предлагают, что на участке, который когда-то был местом болота, должны быть уложены бутовые камни или другие материалы, используемые в дорожном строительстве.
«Предложения жителей имеют смысл. В проекте дороги уточните, какой участок нужно пересматривать, обсудите со старожилами этой улицы. Завтра, когда проект завершится, не должно возникнуть проблем. Следует учитывать, что на всей протяженности улицы есть места, которые необходимо возвысить. Сделайте всё качественно, даже если это займет больше времени", - поручил аким города подрядчику.
Стоит отметить, что в жилом массиве Юго-Запад-2 будут построены дороги на более чем 20 улицах. Подрядная организация ТОО «А. Т. Е-ЖОЛ» уже приступила к строительно-монтажным работам.

Источник.https://www.instagram.com/p/C6UemHpKxjs/

Просмотров: 136
Категория: 
�����