Футбольный матч «Актобе» - «Астана» посетили около 1000 пострадавших от паводка актюбинцев

 

«Ақтөбе» мен «Астана» ойынын су тасқынынан зардап шеккен 1000-ға жуық адам тамашалады   Екі команда арасындағы спорттық доданы олар тегін көріп, ерекше әсер алған.   Бүгін Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда ел Премьер-Лигасының жетінші ойыны өтті. Өз алаңында «Астана» командасын қабылдаған ақ-қызылдар арасындағы ойын 1:1, тең есеппен аяқталды.   95 минутқа созылған ойынды көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар 8 сектордан тамашалады.    1000-ға жуық адамның қатарында М.Оспанов атындағы медициналық университеті, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің жатақханасында уақытша орналасқандар және су басқан үйлеріне қайтып оралғандар да бар. Олардың Орталық стадионға жетуі үшін автобустар ұйымдастырылды.   Ойын кезінде стадионға жиналған бүкіл жанкүйер жерлестеріне қолдау сөздерін жеткізді. Олармен әрқашан бірге екендіктерін айтып, «күшіміз –бірлікте» деп ұрандатты.   Футболды тамашалаған ақтөбеліктер ойын теңбе-тең аяқталса да, керемет әсер алдық дейді. Әсіресе, қала тұрғындарының қолдауы күш-жігер беріпті.   Айтып өту керек, Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарды материалдық, психологиялық қолдау шаралары жалғасып жатыр.  Облыстық штаб өкілдері бұл жұмыстардан тыс қалған жоқ, олар азаматтарға жан-жақты көмек қолын созып, көтерген мәселелері бойынша кеңес беріп жүр.

Футбольный матч «Актобе» - «Астана» посетили около 1000 пострадавших от паводка актюбинцев   Они получили возможность посетить спортивное состязание бесплатно и погрузиться в атмосферу положительных эмоций.   Сегодня на Центральном стадионе имени Кобыланды батыра в Актобе состоялся футбольный матч Премьер-лиги РК. Игра между командами «Актобе» и «Астана» завершилась ничьей со счетом 1:1.   С 8-го сектора стадиона за матчем наблюдали около 1000 актюбинцев, пострадавших в результате весеннего паводка.    Среди них были и те, кто проживает сейчас в общежитиях медуниверситета имени М. Оспанова, гуманитарного колледжа, а также те, кто вернулся в свои дома. Для всех был организован проезд на автобусе до стадиона.   В ходе игры все болельщики, собравшиеся на стадионе, выразили свою поддержку пострадавшим, скандируя лозунг «Наша сила в единстве!».   После матча пострадавшие отметили, что они получили не только возможность насладиться зрелищной игрой, но и почувствовать поддержку и понимание со стороны горожан, что произвело на них большое впечатление.   Важно отметить, что в Актюбинской области продолжается работа по материальной и психологической поддержке населения, пострадавшего от стихийного бедствия, с целью обеспечения всесторонней помощи пострадавшим землякам, согласно поручениям Главы государства. В этом процессе активно участвуют представители областного штаба.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

 

Просмотров: 190
Категория: 
�����