В Актобе начались дорожно-ремонтные работы

Ақтөбеде жол жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы осыған дейін хабарлаған болатынбыз. Қала әкімі Азамат Бекет ЖКХ мамандарымен бірге өткен жылдары басталып, қазір қайта жанданған жұмыстар барысын барып қарады. Оның ішінде Елек өзені арқылы өтетін көпірден “Ақтөбе – Орск” автожолына дейінгі автожолды қайта жаңарту жұмыстарын пысықтады. Ұзындығы 9,2 км учаскені жөндеумен “Агрофирма Көквест” ЖШС мердігерлік ұйымы айналысуда. Жол 4 жолаққа дейін кеңейтіліп салынуда.

«Біздер қазіргі таңда мына Ақжар-2, Жилянка, Кірпішті елді мекендерін қосатын айналма жолдың реконструкциясымен айналысып жатырмыз. Қазір Бұтақ өзенінің үстімен өтетін көпірде тұрмыз. Бұл жерде көне көпір толық қайта жаңғыртылып, жанына жаңа көпір салынды. Екі көпірдің жұмысы да толықтай аяқталды. Енді көпірге кіреберіс жолдарын асфальттап жатырмыз. Қалай бітеді, бірден жолды ашып жібереміз. Бұл жобадағы жолдың жалпы ұзындығы - 9 шақырым 255 метр. Оның қазір 6,5 шақырымы асфальтталып тұр. Жолда кезігетін екі көпірді қоспаған кезде әлі де 2,5 шақырым жол қалып тұр. Оны келесі айда асфальттауды бастайтын боламыз», - деді мердігер мекеме “Коквест” ЖШС техникалық директоры Нұрсұлтан Сәрсенбаев. 

В Актобе начались дорожно-ремонтные работы. Об этом мы сообщали ранее. Аким города Азамат Бекет вместе со специалистами ЖКХ проинспектировал ход работ, начатых в прошлые годы и возобновившихся сейчас. В их числе он ознакомился с работами по реконструкции автодороги от моста через реку Илек до автодороги «Актобе-Орск» (Акжарская трасса). Ремонтом участка длиною 9,2 км занимается подрядная организация ТОО «Агрофирма Коквест». Дорогу расширяют с 2 до 4 полос.

«В настоящее время мы работаем над реконструкцией кольцевой дороги, соединяющей населенные пункты Акжар-2, Жилянка, Кирпичный. Сейчас мы стоим на мосту через реку Бутак. Здесь старый мост был полностью реконструирован, а рядом с ним построен новый. Оба моста построены. Далее начали асфальтировать подъездные пути к мосту. Как только завершим, мы сразу откроем дорогу. Общая длина дороги в этом проекте составляет 9 километров 255 метров. Сейчас 6,5 км из них заасфальтировано. Осталось пройти еще 2,5 километра, не считая этих двух мостов. Асфальтировать этот участок начнем в следующем месяце», — рассказал Нурсултан Сарсенбаев, технический директор подрядчика ТОО «Агрофирма Коквест».

Источник.https://www.instagram.com/p/C6UR26wq81q/

Просмотров: 119
Категория: 
�����