В настоящее время в Иргизском районе укрепляют дамбы в селах Куйлыс, Жайсанбай и Белшер

Құтқару шараларына әскери қызметшілер тартылды  Қазіргі уақытта Ырғыз ауданының Құйлыс, Жайсаңбай және Белшер ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл іс-шараларға Қорғаныс министрлігінің 30238 бөлімінің әскери қызметшілері, 100 ерікті жан тартылып, 5 бірлік техника жұмылдырылды. Қажетті инертті материалдар бар.  Сондай-ақ, Ырғыз ауданына 100 күрек, 60 матрац, 50 етік, 40 айран, 1 қап жүгері, 3 қорап консерві, 10 қорап печенье, 10 мың қап, 1 қайық, 2 тақта, 2 генератор, 1 мотопомпа, 4 қап дәрі-дәрмек гуманитарлық көмек ретінде жіберілді. Бүгін, ҚР ІІМ Ми-171 (88) тікұшағымғен аудан орталығына 100 матрас және 10 мың қап жөнелтілді.  Аудан аумағында Торғай өзенінің су деңгейінің көтерілуі 11 сәуірден басталды. Облыс басшылығының тапсырмасына сәйкес, Нұра, Мамыр және Белшер ауылдарының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Үш ауылдан 876 адам эвакуацияланды (Нұра - 655, Мамыр – 90, Белшер – 131 адам). Кейбірі туысқандарының, кейбірі №1, №2 және Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектептерге орналастырылды. Көшірілген азаматтардың жай-күйлері жақсы, барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Айтып өткен жөн, күні кеше Мамыр және Нұра ауылындарында топырақ үйіндісінен жасалған қорғаныс бөгеті шайылып, елді мекендерді су басты. Екі ауылда да су кірген үйлердің саны бірдей, он-оннан.  Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев пен ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов Ырғыз ауданында су тасқынына қарсы күрес шараларының барысын, аумақтың су басу қаупін бағамдайды.

К спасательной операции привлекли военнослужащих  В настоящее время в Иргизском районе укрепляют дамбы в селах Куйлыс, Жайсанбай и Белшер. К этой работе привлекли военнослужащих воинской части 30238 Министерства обороны РК, а также 100 волонтеров и 5 единиц техники.  С гуманитарной помощью в район доставили лопаты, матрасы, резиновые сапоги, мешки, лодку, мотопомпу, два генератора, лекарственные препараты и продукты питания.  Уровень воды в реке Торгай в районе начал повышаться с 11 апреля. По поручению руководства области жителей сел Нура, Мамыр и Белшер эвакуировали в безопасное место. Из трех сел эвакуировано 876 человек (из Нуры - 655, Мамыра - 90, Бельшера - 131 человек). Часть из них разместили в средних школах №1, №2 и школе имени И. Алтынсарина. Часть людей разъехалась по домам родственников. Для эвакуированных граждан созданы хорошие условия для временного проживания, их обеспечили всем необходимым. Напомним, вчера в районе была прорвана земляная защитная насыпь, в результате подтопило населенные пункты Мамыр и Нура. В обоих селах вода вошла в десять домов.  В настоящий момент заместитель акима Актюбинской области Асылбек Есенбаев и начальник ДЧС Нургали Жунусов находятся в Иргизском районе, на месте контролируя ход борьбы с паводком и оценивая риски подтопления территории.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

 

 

Просмотров: 109
Категория: 
�����