Тұрғындармен кездесті 18 сәуір күні Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Сабит Дүйсекенов және Ырғыз ауданы әкімі Нұрлан Қызбергенов Нұра, Мамыр, Белшер мен Құйлыс ауылдарынан аудан орталығына көшірілген тұрғындармен кездесті. Кездесуде аудандағы су тасқыны ахуалы айтылды, азаматтардың талап-тілектері тыңдалды. ➤ Сонымен қатар, су тасқыны салдарынан мүліктеріне зиян келген тұрғындарға өтеу шығыны туралы толыққанды түсіндірілді.